Жиі қойылатын сұрақтар
Байқау 4 (төрт) айналымнан тұрады. Оның ішінде: 1 — айналым (қашықтықтан) өтінішті онлайн тіркеу, 2 — айналым көзбе-көз кезең, Астана, Алматы қалалары мен аймақтарда өтеді, 3 — айналым көзбе-көз, Астана және Алматы қалаларында өтеді. Қорытынды 4 – айналым байқау комиссиясы – өткізілген шарттарына сай байқау жеңімпаздарын іріктейді.
Бар, бағдарламаға 2017, 2018, 2019 жылғы бакалавр немесе магистратура бойынша бітіргелі тұрған түлектер қатыса алады.
Бағдарлама қатысушыларына қойылатын міндетті талаптар: Қазақстан Республикасының азаматтығы, 2017, 2018 және 2019 жылғы бакалавр немесе магистратура түлегі және географиялық мобильді болу.
Байқауға қатысу өтініші 2019 жылдың 1 қантарынан 31 сәуірге дейін байқаудың ресми сайтында – www.zhasorken.skcu.kz – онлайн тіркелу арқылы беріледі. 2019 жылдың 31 наурызынан кейін жүктелген өтініштер байқау комиссиясымен қарастырылмайды.
«Жас Өркен» бағдарламасына қатысушыларға жас бойынша шектеулер жоқ.
Өтініш қазақ немесе орыс тілінде толтырылады.
Орта білім туралы аттестат, орта білім аттестатына қосымша секілді құжаттарды тіркеуіңіздің қажеті жоқ. Бағдарлама қажетті барлық құжаттар тізімі мен критерийлерімен «Үміткерлерге» атты бөлімде таныса аласыздар.
«Жас Өркен» бағдарламасына тіркелу үшін, келесі құжаттардың электрондық түрдегі нұсқалары сайтқа жүктеледі: жеке күәлігіңіздің көшірмесін,3*4 фотоқұжат, жоғары білім туралы диплом, жетістіктерді растайтын әртүрлі сертификаттар.
Тіркелу www.zhasorken.skcu.kz сайты арқылы, «Тіркелу» бөлімінде жүзеге асырылады.
«Жас Өркен» бағдарламасына өтініш тапсыруға және 1-кезеңін өтуге, сіздің Қазақстан Республикасы территориясында болуыңыз мүлдем міндетті емес. Сізге бар болғаны www.zhasorken.skcu.kz сайты бойынша «Тікелу» бөліміне өтіп, барлық қажетті ақпаратты толтыруыңыз керек.
Финалдық кезең қатысушысына айлық шәкіртақы төленіп, айналым өткізілетін жерге жету және тұру шығындары өтеледі.
Әрбір кезеңнің нәтижелері www.zhasorken.skcu.kz сайтында жарияланады. Бағадарламаның финалдық кезеңінің нәтижелері тамыз айында белгілі болады
Сұрақтарыңыз бар ма?
Байланыс