ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТӘРТІБІ
үміткерлерді іріктеу – байқау негізінде
әлеуетін анықтау жолымен өтеді
Байқау өткізу барысында «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті» қатысудың тең мүмкіндігі, байқау өлшемдері мен тәртіптерінің айқындығы және лайықты жеңімпазды анықтау тәрізді негізгі қағидаларды басшылыққа алады.
Қатысуға өтініш беру
Уәждемелік эссе — мұнда үміткер Жас Өркен бағдарламасына қатысудағы нақты уәждерін айтады. Сондай-ақ эссені жазу кезінде үміткер келесі сұрақтарға тоқталуы тиіс:
- Мектепте немесе жоғары оқу орнында, еңбек саласында және қоғамдық қызметтерде қандай жеке жетістіктері бар? (Жоғарыда аталған тәжірибені Самұрық-Қазына Қорының компаниялар тобында тағылымдамадан өту кезінде қалай қолданатыныңызды дәлелдеңіз);
- Тағылымдама барысында үміткер қандай мақсаттарға жетуді көздейді және оларға жету үшін өзіне қандай талаптар қояды? (Қордың компаниялар тобында тағылымдамадан өту үміткердің қызмет жолындағы мақсаттарына қаншалықты сәйкес келеді? Тағылымдама кезінде жетуді жоспарлаған жеке мақсаттарыңызды жазыңыз. Оларды іске асыруға қаншалықты дайын екеніңізді көрсетіңіз);
- Басқа үміткерлемен салыстырғанда, өз бәсекелестік артықшылықтарыңызды толық сипаттаңыз? (Не себепті Қордың компаниялар тобы Сіздің бәсекелестік артықшылықтарыңызға мұқтаж)
Тапсырма – басқа үміткерлер арасынан тек сізді таңдауға қабылдау комиссиясының көзін жеткізу.
Online case—study – бұл кезеңде үміткер онлайн-режимде ситуациялық экономикалық, әлеуметтік және бизнес-оқиғаларды шешеді. Бұл бағалау құралы үміткердің ауқымды деректер көлемімен жұмыс істеу қабілетін анықтауға, стильді таңдау және ойлау жылдамдығын бағалауға, негізгі мәселелерді қосалқы мәселелерден ажырата алу қабілетін және белгілі бір салада жұмыс істеу дағдысын, сондай-ақ тосын шешім қабылдау мүмкіндіктерін анықтауға арналған.
- Санмен берілген ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттері;
- Ауызша берілген ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттері анықталады.
- Құзыреттіліктеріне қатысты сұхбат (90 минут) – үміткерлерді іріктеу кезіндегі ең күрделі және ең ұзақ сұхбаттардың бірі, ол үміткердің әртүрлі жағдайға қарай нақты мінез-құлқын толық талдауға бағытталған, бұл сұхбат үміткердің нақты тәжіибесін бағалайды. Ашық қойылатын сұрақтар әдетте толық жауап алуды көздейді және көп жағдайда «Есіңізде ме …..», «…. мына жағдайда не істегеніңізді айтып беріңізші» және т.с.с. сөздермен басталады.
- Сараптамалық таныстыру (90 минут) – ағымдағы жағдайды талдап, бизнесті болашақта сәтті дамытуға қажетті өзгерту ұсынысын жасау керек. Дайындалып алған соң, үміткер өз идеясын ортаға салады, содан кейін бақылаушылар оған осы ұсынысқа қатысты сұрақтар қояды. Таныстыру жаттығулары өз көзқарасын жеткізудің айқындығын және сендіре білу мүмкіндігін қамтамасыз ететін коммуникативтікпен қатар, сараптамалық және стратегиялық дағдыларын бағалаудың әлеуетті құралы.
Бұл жаттығу түрі бірінші кезекте келесі құзыреттіліктер топтамасын бағалауға арналған:
- Жүйелі ойлау
- Стратегиялық ойлау
- Бизнесті түсіну
- Бастамашылық
- Батылдық
- Табандылық
- Ашықтық
- Ықпал ете алушылық
- Орнықтылық және бейімділік
Байқау комиссиясы - байқауды өткізу шарттарына сай жеңімпаздарды анықтайтын алқалық орган. Байқау комиссиясының құрамы ұйымдастыру комитетінің шешімімен бекітіледі.
әрбір бағалау құралы туралы баяндауда: