Бағдарлама туралы

“Жас Өркен” жас мамандарды дамыту бағдарламасы ең жақсы және дарынды түлектерді болашақта “Самұрық-Қазына” Қорының компанияларына жұмысқа орналастыру үшін жұмылдырып, дайындауды көздеп отыр. Бұл компаниялардағы нақты  бір позицияларға сәйкес жұмыс орнында оқыту ғана емес, белсенді азаматтық позициясы бар және кәсіби ой-өрісі кең өршіл жас ұрпақты қалыптастырып, дамыту құралы.

Саған берілетін мүмкіндіктер

  • “Самұрық-Қазына” АҚ тобындағы бірнеше компаниялардағы әртүрлі департаменттерде жинайтын (сенің мамандығыңа бейім және одан өзгеше) айрықша жұмыс тәжірибесі
  • Айналым орнына баратын жол мен тұрмыс шығындарының өтемі
  • Компанияның топ-менеджменті ішінен дербес тәлімгер
  • Ай сайынғы жалақы
  • Бағдарламадан сәтті өткен соң, жұмысқа орналасу

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын міндетті талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек
  • 2017, 2018, 2019 жылғы бакалавр немесе магистр түлегі болуы керек
  • Географиялық мобильді

Мықтылардың қатарынан табыл!

Байланыс