Айжан Сейітжанова
 Айжан Сейітжанова
АО НАК
АҚ
АҚ
«Жас Өркен - 2017» бағдарламасының қатысушысы – Айжан Сейітжанованы бала кезінде «құртақандай әрі епті» деп атайтын. Жас қыз үш жасында оқуды үйренген. Мектепке ерте барып, зеректігі үшін бірінші сыныптан кейін бірден үшінші сыныпқа аттапты.
Мектепті өтежақсымен тәмамдаған соң, ол болашақ мамандығын жазбай таңдайды.
- Мен нағыз технарьмін. Сандарды жақсы көремін, математикалық сыныпта оқыдым. Түрлі деңгейдегі олимпиадаларда топ жардым. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде маған оқу оңай әрі қызықты болды. Дипломдық жұмысымда мен сауда кәсіпорнында қорды оңтайландыруға арналған математикалық модель әзірледім.
«Қазақтелеком» компаниясында тағылымдамадан өтудің арқасында бойжеткен IT-бағдарламаларды ғана үйреніп қойған жоқ. Айжан HR-бөлімінде жұмыс істейді және ұлттық компанияны трансформациялау хақындағы ірі жобаға атсалысуда. Жас маманның міндетіне - мамандардың есебін жүргізетін тестілеу, IT-жүйелердегі кемшіліктерді іздеу және игеру жатады. Айжан дәл осы «Қазақтелеком» АҚ-да ғана компания үшін адами капиталдың қаншалықты маңызды екенін түсіндім деп сендіреді.
- Жұмыс маған үнемі үйренуге мүмкіндік береді. Мен HR саласына қатысты кәсіби әдебиеттерді көп оқимын. Дегенмен, менің нағыз жанымның қалауы әрине, көркем әдебиет.
Бойжеткен «Жас Өркен - 2017» бағдарламасы жайлы өзінің кураторынан естіпті. Бүгінгі таңда Айжан, құжаттарын жөнелткен уақытта қандай да бір нәтиже болатынына сенбегенін айтады. Бірақ, байқаудың әрбір жаңа кезеңі оның өзіне деген сенімі мен мүмкіндігін арттыра түсіпті.
Байланыс