Ернат Әбеуов
Ернат Әбеуов
АО НАК
«Қазпочта» АҚ
СЭЗ
Ернат Әбеуов - «Жас Өркен 2017» қатысушысы. Бір қарағанда оның тарихы – классикалық үлгідегі қазақстандық арманға ұқсайды. Ол кешегі Қарағанды облысы Жаңарқа ауданына қарасты Атасу ауылының баласы. Бүгінде еліміздегі салмақты бағдарламаның белді мүшесі. Бірақ Ернаттың күллі жетістіктері, талпыныстары мен мақсаты көпке беймәлім. Ернат ауылдың кәдімгі орта мектебінде оқыған. Сол бір жылдары біздің кейіпкердің бойынан көшбасшылық қасиет біліне бастапты. Жоғарғы сыныпқа көшкенде ол мектептің қоғамдық өміріне етене араласып, түрлі олимпиадалар мен байқауларға қатысқан. 10 сыныпта оқып жүргенінде ол өзінің алқашғы биік мақсатына қол жеткізіпті. «21 ғасырдың көшбасшысы» телевизиялық бағдарламасына қатысқан. Ернат Абеуов мектепті алтын белгіге бітіріп, ҰБТ-ден 117 балл жинапты. Бүгінгі таңда 24 жастағы жігіттің екі дипломы бар. Ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша және Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Студент кезінде Ернат жастар саясатымен белсенді айналысқан. Қарағанды облысы әкімінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің және Ұлттық студенттік Кеңестің құрамында болған. «Қазақстан студенттері Альянсы» республикалық студенттер қозғалысына Қарағанды облысы бойынша жетекшілік еткен. Жас жігіттің қарамағында 2000-дай студент болған.
Соңғы бір жарым жылда біздің кейіпкеріміз оқуды жұмыспен қатар алып жүрді. Еңбек жолын ол Технопарктегі project-те менеджер болып бастаған. Оның жұмыс өтілі мұнымен шектелмейді. Биыл Ернат Әбеуов «KIMEP Cup by Changellenge» бизнес-кейсінің шешімі бойынша Қазақстанның Кубогын ұтып алды.
Ернат «Жас Өркен» жайлы кездейсоқ білген. Оқып жүрген университетінің сайтындағы хабарламаны көзі шалып қалыпты. Қызығушылық танытып, ақпарат жинай бастаған. Жаңалықтардан құлағдар болып отыру үшін бағдардаманың барлық әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарына жазылған. Айтуынша, байқаудың әр кезеңіне тыңғылықты дайындалыпты. Тіпті, электрондық тестілерді сатып алып, сол бойынша өзін сынаған. Ернат Әбеуов «Жас Өркенді» жігерлі және мақсатшыл жастар үшін тамаша мүмкіндік алаңы деп санайды.
Байланыс