Тимур Рахымжанов
Тимур Рахымжанов
АҚ
АО НАК
ТОО
ЖШС
«Жас Өркен – 2017» бағдарламасының қатысушысы - Тимур Рахымжанов музыканы жақсы көреді және жаңа дүниені білуге жаны құмар. Бүгінгі таңда жас жігіт өмірін өзінің жұмысынсыз елестете алмайды. Айтуынша, қолы қалт еткенде гитара ойнап, жан дүниесін сергітеді.
Алғаш рет Тимурға ұстамдылықты үйретіп, білімге деген құштарлығын оятқан «21 ғасырдың көшбасшысы» зияткерлік шоуы болыпты. Жас жігіт бұл сайыста «Апта чемпионы» атанса керек.
Кейінірек, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет студентінің бойындағы білімге құмарлығын байқауда жүлде алып, Минскіде алты ай бойы оқуға қол жеткізуі одан әрі арттыра түскен.
Сондықтан «Жас Өркеннің» тағылымгерлері қатарына қосыла отырып, ол Астанадан Атырауға қуана қоныс аударған. Өйткені оған «Полимер Продакшн» ЖШС-де тағылымдамадан өту ұсынылыпты. Бұл компания өндірістік кәсіпорындарды сапалы технологиялық тауарлармен қамтамасыз етеді.
Тимур Рахымжанов «Жас Өркен» жайлы әлеуметтік желілер арқылы білген. Құжат тапсырып, байқаудың әр кезеңінен өткен сайын жеңіске жету құштарлығы арта түскен. Тынымсыз дайындық пен ұстамдылығы жас жігіттің үздіктер қатарына қосылуына септігін тигізген.
Байланыс