Саяхат Медеубай
Саяхат Медеубай
АҚ
«Қазпочта» АҚ
 «Самұрық-Энерго» АҚ
ТОО
Саяхат Медеубай - «Жас Өркен - 2017» бағдарламасының қатысушысы. Ересектердің өміріне араласу, жас жігіттің негізгі өмір құндылықтарын ертеден қалыптастыруына ықпалын тигізді. Олардың арасында – қоршаған ортаға құрмет, өзін-өзі жетілдіру, адалдық және сенім сияқты құндылықтар бар. Бүгінгі таңда Саяхат өзінің өмірлік қағидасын күн сайын жүзеге асырып жүр. Оның ұраны: «Елің сен үшін не істей алатынын сұрама. Өзің ол үшін не істей аласың, соны сұра».
Айтуынша, Саяхат экономикаға бала кезінен қызығушылық танытқан екен. Сондықтан да Қазақ Гуманитарлық Заңгерлік Университетіне оқуға түскен. Қазір ол әріптестерімен бірге «Қазпошта» АҚ-ның электронды төлем жүйесін жетілдірумен айналысуда.
- Мен пошталық сақтауды шешу және Қазақстан бойынша шұғыл аударымдарды автоматтандыру жобасын жүзеге асыруға бірден кірісіп кеттім. Үдерісті тестілеуді, қатені тауып, сол бойынша мәлімет айтуды үйрендім. Маған «Қазпоштадағы» автоматтандыру процесі мен көптеген түрлі қамтамасыз ету бағдарламаларын біздің Work Flow-қа кіріктіру жайлылығы ұнайды. Сонымен қатар көп мағлұматпен жұмыс істеп, оны өңдеп, шұғыл шешім қабылдаудың қыр-сырына қанықтым.
Саяхат «Жас Өркен» бағдарламасы туралы өзінің досынан естіп, біліпті. Осыдан кейін жобаның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшасын ақтарып, студент алдына 20 үздік түлектің қатарына еніп, елдегі ұлттық компаниялардың бірінің тағылымгері атану мақсатын қояды. Саяхат Медеубай бұл меженің биігінен көріне білді. Өйткені ол өз өмірініде болып жатқан өзгерістерге салмақпен және аса жауапкершілікпен қарайды.
Байланыс