Ақмарал Мұхтасырова
Ақмарал Мұхтасырова
АҚ
АО НАК
«Самұрық-Қазына» АҚ
АҚ
Ақмарал Мұхтасырованың тарихы

Ақмарал әрқашан өзін бақыттылар санатына жатқызады. Ол мейірімді әрі мерейлі отбасында дүниеге келген. Әкесі – жеке кәсіпкер, анасы – ұстаз. Үлкен ағасы үйдің кенжесін қашан да қамқорлығында ұстайтын. Ақмарал да олардың үкілі үмітін ақтап жүр. Қоғамда белсенділік танытып, олимпиадаларда топ жарып, мектепті «Алтын белгіге» бітірді. ҚазҰУ-нің грантын ұтып алды. Барлығының қуанышында шек болмаған еді. Дәл сол сәтте өрімтал бойжеткен өмірін өзгертерлік таңдау жасады.
- Мен бұл гранттан бас тарттым. Сөйтіп, өзім ақшасын төлейтін және шәкіртақы бермейтін оқу орнын таңдауға бел будым. Нәтижесінде Сүлеймен Демирел атындағы университетке түстім. Ондағы оқуға 50% жеңілдік алдым. Өмірімде алғаш рет өзім шешім қабылдай отырып, енді талмай еңбектенуге тура келетінін түсіндім. Өйткені мен университеттің ақылы бөліміне түстім. Мұндағы ойым, өзіме жоғары талап қойып, үлкен жауапкершілік арқалап, мол білім алуға талпыну.
2016 жылы талапты бойжеткен еліміздегі ең беделді оқу орындарының бірі – ҚМЭБИ-ның бір жылдық грантына ие болды. Жас қыз магистратураның екіжылдық курсын бір академиялық жылда аяқтады. Күндіз толыққанды жұмыс істей отырып, мұндай мықтылыққа баруы ұзтаздар құрамын таңдандырмай қоймады.
- Осы аралықта оқу мен жұмысты қатар алып жүрдім. Бірақ, болашақта мансабыма лайықты нағыз жұмыс табу қажеттігін бір сәтке де қаперден шығарған жоқпын. Өкішіке орай, ондай жұмыс іздеуге уақыт жеткіліксіз болды. Өйткені ол үшін жұмыстан не қажет екенін ұғып, резюмемді әр бос орынға бейімдеп, ілеспе хат жазып, сұхбатқа бару қажет қой. Университетте жүргенімде кездейсоқ «Жас Өркен 2017» бағдарламасының баннерін көзім шалып қалды.
Сайтқа кіре отырып, бойжеткен тағылымдамалық бағдарламаның - мансаптық жол үшін таптырмас бастама екенін түсінді.
- Ірі компанияларда өзімді сынап көргім келді. Дейтұрғанмен, қатардағы қызметкер болғым да келген жоқ. Басты міндет - жұмысты дер кезінде атқару болатын.
Ақмарал құжаттарын тапсырып, іріктеудің барлық кезеңінен өтті.
Байланыс