Айжан Кәкенова
Айжан Кәкенова
АО НАК
«Қазпочта» АҚ
«Самұрық-Қазына» АҚ
АҚ
Айжан Кәкенова – «Жас Өркен-2017» бағдарламасының қатысушысы. Ол үшін дүниеде отбасынан қымбат ештеңе жоқ. Ол сыңары әрі әпкесі Ұлжанды мақтан тұтады. Егіздер айрылмастай болған. Мектепті бірге өтежақсымен тәмамдап, бір кітапты оқып, ортақ дос тапқан. Дегенмен, осы бір ерекше жақындық тәуелділікке ұласпапты. Айжан мен Ұлжан екі түрлі білім беру мекемесіне оқуға түскен.
Мәселен, Айжан Назарбаев Университетінің дипломын алды. Магистр дәрежесіне ие. Оның сыртында Американың ең үздік саясат мектебі - UW-MADISON University-де білім алған.
Айжан Лондон, Милан, Цюрих, Астана және Ыстамбұлдағы көптеген халықаралық конференцияларға қатысқан. Сонымен қатар студенттік жылдары, «Women leadership program» жобасын дамытуға көп көңіл бөлген. Жобаның басты мақсаты – Қазақстан қоғамындағы әйелдердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, гендерлік теңдікке қатысты тақырыптарды талқылауға арналған алаң ұсыну болды.
«Жас Өркен-2017» бағдарламасының арқасында Айжан HR саласында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. HR-менеджер мамандығы бойжеткенге оның іс-әрекетіндегі басты мақсат – қызметкерлердің еңбек әлеуетін компанияның стратегиясы және мақсатымен үйлестіру екенін түсінуге көмектесті. Барлық міндеттерді сәтті орындау үшін Айжан келіссөздер жүргізу машығын дамытып, көп адамдармен достық қарым-қатынас қалыптастыруға дағдылануда. Бойжеткеннің пікірінше, жұмыс орнындағы даму – сәтті мансаптың бөлінбес бір еншісі, ал Анар Мұхамеджанова сынды демократияшыл ұстаз тәлімгерге өзінің мақсатын жүзеге асырып, байыпты бағдар беруге көмектеседі. Міне, Айжан осы бір құндылықты қатты бағалайды.
Жұмыстан бос кезінде жас маман француз тілін меңгеріп, таза ауада серуендеуді жөн санайды. Гуманитарлық ғылымдарға деген сүйіспеншілігі біздің кейіпкеріміздің қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруіне септігін тигізді.
Назарбаев Университетінің студенті «Жас Өркен» бағдарламасы туралы анасынан білген. Бүгінгі таңда жас маман жақындарының қолдауынсыз және оның биіктерді бағындыратынына ата-анасының сенімінсіз ұлттық жобаның іріктеуінен өтпейтіндігін мойындайды.
Байланыс