Мұрат Тойымбет
Мұрат Тойымбет
«Қазпочта» АҚ
АҚ
«Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ
Ол 1996 жылы 3 наурызда Шымкентте дүниеге келген. Айтуынша, өз өміріндегі басты тәжірибе – кез-келген нәрсеге тез бейімделу. Бұл бала күнінде ата-анасынан дарыған қасиет. Олар жиі көшіп-қонған. Сондықтан 11 жыл оқу барысында 4 рет мектеп ауыстырыпты. Мұның барлығы, оның ата-анасының жаңа мақсатты еңсерудегі қалауынан туған. Мұрат 1 сыныпқа барған кезде бір бөлмелі пәтерде тұрыпты. Кейін ақша тауып, жинап үлкенірек баспанаға көшкен. Мектепті тәмамдар алдында Тойымбеттер отбасы жақсы ауданнан үлкен пәтер алған. Осылайша, бозбала өзгерістерге, жаңа ұжымдар мен жылдам бейімделуге әбден машықтанып алған. Бүгінде бұл қасиетінің оған септігі мол. Жаңашылдықтан қорықпайды.

Дегенмен, біздің кейіпкеріміздің өмірінде өзгерткісі келмейтін дүниесі де бар. Ол ата-анасымен бірге өмір сүру. Айтуынша, үйдің үлкені Мұрат болғандықтан, әкесінен кейінгі отағасы сол болып қалады. Істің барлығы мұра бойынша соның мойнына көшеді. «Бұл үлкен жауапкершілікті жүктейді. Мен қабылдаған кез-келген шешім менің ғана өміріме қатысты болмайды, күллі әулетке әсер етеді» - дейді жас жігіт.

Мектепте өтежақсы оқыған. 2013 жылы ҰБТ-дан 111 балл алып, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «электр энергетикасы» мамандығы бойынша грантқа түседі.

Ол мектепте сурет салуды өте жақсы көріпті. Негізінен табиғатты бейнелеп, натюрморт салған. Картиналарды бояу және акварельмен кескіндеген. Бір қызығы, ешқандай арнайы үйірмеге қатыспаса да, талай байқауларда топ жарыпты. Көрмелерге қатысқан. Ақындығы да сол тәрізді. Тіпті, оның өлеңдері «Балбөбек» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналында басылыпты. «Кенгуру» және «Ақбота» байқауларында жүлделі орындарға ие болған.

Мұраттың тіл үйрену тарихы да өте қызық. Ол туғанынан қазақша сөйлеген. Орыс тілін 8 жасында өзі үйреніп алыпты. Әуелі мульфильмдер мен кинолар көріп, кейіннен оқи бастаған. Егер тым түсінбей бара жатса, ата-анасы көмектесіп, аударып беріп отырыпты. Өзін кітаптың құрты санайды. Айтуынша, білімнің барлығын осы кітаптан алыпты. Бүгінгі таңда Мұрат орыс тілінде тамаша сөйлеп қана қоймады, әңгіме де жазады. Фэнтези стиліне құмар. Қиялынан жаңа әлем ойлап табуды жаны сүйеді.

Ағылшын тілін де өз бетінше үйренген. Сол баяғы ескі тәсіл бойынша, фильмдер қарап, онлайн курстарға көп қатысқан.

2017 жылы ЖОО-ны үздік тәмамдайды. Сол жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистратурасының «Ақпараттық жүйелер» мамандығына грантқа түседі. Қазіргі таңда медицина және IT технологиямен байланысты магистрлік диссертация жазып жатыр.
Байланыс