Әділ Әбдіханов
Әділ Әбдіханов
АО НАК
«Қазпочта» АҚ
ЖШС
«Жас Өркен - 2017» бағдарламасының қатысушысы - Әділ Әбдіхановтың бұл жобаға іліге алмай қалуы бек мүмкін еді. Тағылымдамалық бағдарламаға үміткерлерді тіркеу жүріп жатқан кезде, жас жігіт диссертация қорғап жатқан. Шілденің бірінде бағдарламаны құлағы шалған бойда ол сайтқа кіреді. Сөйтіп, студенттерді тіркеудің аяқталып жатқаны туралы ақпаратты біледі. Бірақ Әділ оған қамығып үлгермепті. Өйткені «Жас Өркен – 2017» үміткерлерді тіркеу үдерісін үшінші шілдеге дейін созатыны жайлы жаңа хабарлама таратқан екен. Сол сәтте жас жігіт ел экономикасына үлес қосатын ірі өндіріс орнында жұмыс істеудің орайы келіп тұрғанын сезгендей болған. Өйткені озат студент өзінің ақылы мен біліміне кәміл сенетін.
Сенімі алдаған жоқ. Енді техника ғылымдарының магистрі алдында көмір өндіруші кәсіпорынның ісін оңтайландыру және зерттеу міндеті тұр.
Жемісті азамат өзі жайлы айтқанды көп қаламайды. Өйткені Әділдің мінезінің бір қыры осы сыпайылығында жатыр.
Байланыс