Әділбек Қаратаев
Әділбек Қаратаев
АҚ «Қазтемiртранс»
«Каражанбасмунай» АҚ
ЖШС «Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»
«Жас Өркен 2018» жас мамандар бағдарламасының тағы бір жеңімпазы – Әділбек Қаратаевпен таныс болыңыздар. Ол 1993 жылдың 12 желтоқсанында Маңғыстау облысының Ақтау қаласында туған.
Әділбектің айтуынша, бала күнінен оның білім алуына ат салысып, немересінің қалыптасуына атасы үлкен ықпал етіпті. Үш жасында-ақ оған қазақ және орыс тілдерінде оқуды үйреткен. Атасы оның лингвистикалық қабілеті бар екенін біліп, ағылшын тілді мектепке беруге кеңес берген.
Әділбек 1-ден 6-сыныпқа дейін Л. Горбунова атындағы ағылшынша мектепте оқиды. Ал 7-сыныпта беделді Экономикалық колледжге оқуға түседі. Біздің кейіпкеріміз мектеп жасында Қазақстан тарихына бой ұрған. Олимпиадаларға қатысып, тарих пәні бойынша жүлделі орындарға ие болған. 11-сыныпта оқып жүргенінде Қазақстан тарихы бойынша қалалық олимпиадада 1 орынды жеңіп алады. Сөйтіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түсуге басым құқық беретін сертификатқа қол жеткізеді. 2010 жылдың күзінде «21 ғасырдың көшбасшысы» зияткерлік телевикторинаға қатысып, апталық ойында 1 орынға, айлық ойында екінші, тоқсандық ойында үшінші орынға ие болады. 2016-2017 жылдары белгілі тарихшы Ж.Сәбитовке «Едіге» көне қазақ эпосын орысшаға аударуға көмектеседі. Жас жігіт эпосты қазақшадан орысшаға аудару бойынша Ш.Уәлиханов және Қ.Сәтпаевтан кейін үшінші болғанын мақтан тұтады. Қазір Алтын Орда кезеңі жайлы тарихи роман жазумен айналысып жатыр.
Әділбек осы жетістіктерінің арқасында ҰБТ тапсырмау құқығына ие болған. Бірақ ол мүмкіндікті пайдаланбапты. Өзінің күшін сынамаққа бел буып, жалпы негізде түлектік тест тапсырады. Нәтижесінде 116 балл жинайды. Бұл тестінің шектік көрсеткіші 125 балл екені белгілі.
2017 жылы Бейжің қаласындағы Қытайдың Мұнай университетінде химик-технолог мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алады. Ол университетті тәмамдаған соң, Отанға үлкен шабытпен оралады.
Байланыс