Айжан Иманғалиева
Айжан Иманғалиева
АҚ
АҚ
«Қазпочта» АҚ
Айжан Иманғалиева 1996 жылдың 15 қыркүйегінде, Балқаш қаласында дүниеге келген. Мектепке бес жасында барыпты. Айтуынша, ол өз алдына бір қызық әңгіме. Үлкен әпкесі Аида бірінші сыныпқа оқуға түседі. Сол кезде Айжан да қалыспай, балабақшадан бас тартып, «оқушы боламын» деп байбалам салыпты. Ата-анасы құртақандай қыздың шешімін құптап, нөлінші сынапқа берген екен. Сондықтан Айжан, әрқашанда желеп-жебеп, шешіміне қарсы келмей, қолдау көрсетіп келген ата-анасына дән риза.

Айжан қашан да бас көтермейтін бала болса керек. Оқуын да өз күшімен оқыпты. Үйдегі ересектер тіпті қыздарының «Алтын белгіге» бітіргелі жатқанынан бейхабар болған. Әрине, Айжанның жақсы оқитынын білетін, бірақ «Алтын белгіні» күтпесе керек.

Айжанның сүйікті пәні математика болыпты. Логикалық тапсырмаларды орындап, ой жұмбақ шешуді қатты ұнатқан. Сондықтан есеп және аудит мамандығын таңдапты. Жоғары білімді елордадан алуды қалаған бойжеткен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне бюджеттік негізде оқуға түседі.

Бұл да символды болса керек. Біздің кейіпкердің айтуынша, үйлерінде Астананың кәдесыйлық суреттері болыпты. Мектепте оқып жүргенде Айжан оларды жиі қараған екен және дәл осы елордада оқуды армандапты. Айтпақшы, сол суреттердің бірінде ЕҰУ бейнеленген.

Айтуынша, университетте оқып жүрген кездегі Айжанның басты жетістігі, статистика бойынша Мәскеу қаласында өткен халықаралық олимпиададан алған жүлделі орны болыпты. Университет қабырғасында бойжеткен өзін сынау арқылы ғана жетіліп, үздік атануға болатынына көзі жеткенін айтады. Сондықтан ғылыммен белсенді айналысуға тырысып, студенттік өмірінде олимпиадалар мен конференцияларға жиі қатысыпты.

Бос уақытында Айжан кітап оқуды жақсы көреді екен. Әсіресе, классикалық көркем әдебиетті сүйіп оқиды. Сондай-ақ оған түрлі бағыттар бойынша онлайн-курстардан өту өте қатты ұнайды.
Байланыс