Асылбек Әскеров
Асылбек Әскеров
АҚ
АО НАК
ЖШС СП
Асылбек Әскеров 1995 жылы Солтүстік Қазақстан облысының, Петропавл қаласында дүниеге келген. 10 жасында өз қалауымен музыка мектебіне оқуға түседі. 8 сынып кезінде Петропавл қаласындағы Бірінші Гимназияның химия-биология сыныбына ауысады. Математика, химия және Қазақстан тарихынан талай рет қалалық және облыстық олимпиадаларға қатысқан.
2017 жылы Қазақстан-Британ Техникалық университетін органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша тәмамдайды. Оқу барысында студенттік ұйымдардың іс-шараларына белсенді қатысады. Сонымен қатар, университет жанындағы зертханада ерікті болып еңбек етеді. Бір жарым жыл өткен соң ғылыми-зерттеу жұмысын атқару үшін жобаның маманы етіп алынады. Асылбек ол кезде Мәскеу, Қазан және Энгельстегі халықаралық жиындардың 3 тезисінің тең авторы болып үлгереді.
Байланыс