Меруерт Түсіпбекова
Меруерт Түсіпбекова
АҚ
АО НАК
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Меруерт Түсіпбекова 1996 жылдың 25 тамызында Астанада дүниеге келген. 2003 жылы №10 мектеп-гимназиясына оқуға түседі. Талай рет «Балбөбек» және «Дельфий ойындары» секілді түрлі республикалық және қалалық шығармашылық байқауларға қатысқан. 8 сыныпта оқып жүргенде Оңтүстік Кореяға аңсары ауып, соған қытысы бар тарих, мәдениет, музыка және тіл мәселелерін түгел оқып-білген. Сөйтіп, сол бір ерекше елде болуды армандайды. Дегенмен, ол үшін бұл «Айға баруды» армандағанмен бірдей болып көрінген. Сондықтан, бұл мақсатының жүзеге асатынына аса сенбепті. Кейін, «Астананың 7 кереметі» тақырыбында ғылыми жоба әзірлейді. Онда бойжеткен елорданың негізгі көрікті жерлерін, әлемнің 7 кереметімен салыстырған. Жеңіп шығады. Сөйтіп, 9 сыныпта озат оқушыны мектеп басшылығы «Жас ғалым» халықаралық жиынына қатысуға жөнелтеді. Оқиға Оңтүстік Кореяның Тэчжон қаласында болыпты. Осылайша, біздің кейіпкеріміздің алғашқы асыл арманы орындалады. Сол кезде, ол қияли арманнан гөрі, нақты іс-әрекет жасау қажеттігін түсінеді. Оңтүстік Кореяға деген қызығушылығы Меруертті осы елдің тілін білуге итермелеген. Бүгінгі таңда ол корей тілін айтарлықтай жоғары деңгейде меңгерген.

Бойжеткен мектепті «Алтын белгіле» бітіреді. Түрлі халықаралық байқаулар мен жиындарға қатысып, жеке ғылыми жобалар дайындауының арқасында ол ҰБТ тапсыру міндетінен құтылған. Бірақ, Меруерт өзінің Алтын белгісін дәлелдеу үшін бұл сынаққа қатысып, 113 балл жинапты. Дегенмен, бұл оның оқу ағылшын тілінде өткізілетін ЕҰУ-ның халықаралық қатынастар факультетіне түсуіне жеткіліксіз болыпты. Бұл оның өміріндегі алғашқы сәтсіздік еді. Айтуынша, қатты налыған. Алайда, көз жасына ерік бермей, іс-әрекетке көшеді. Ақылы оқуға түсіп, екі есе артық нәтижеге жетуге бел буады. Нәтижесінде ол топтағы ең үздік шәкірт болып шығады.

Талапты студенттің еңбегі еш кетпейді. Ол Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің, Франциядағы Жан Мулен атындағы Лион-3 Университетінде жартыжылдық оқу грантын ұтып алады. Сол кезде бойжеткен Парижде болып, Эйфел мұнарасын өз көзімен көруді өмір бойы армандағанын есіне алады. Осылайша, оның тағы бір арманына қанат бітеді.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін француз тілін небәрі А2 деңгейінде білу керек болған. Ол кезде біздің кейіпкер бұл тілде бір сөз де білмеген. Сапарға дайындыққа екі-ақ ай уақыт қалады. Меруерт дереу курстарға жазылған. Күн сайын бірнеше сағаттан француз тілін үйреніп, қажетті тестіні еңсереді. Сонымен қатар, өз бетімен дайындалып, IELTS тапсырады.
Байланыс