Ернияз Заманбек
Ернияз Заманбек
АҚ
«Қазпочта» АҚ
АҚ «Қазтемiртранс»
1996 жылы 21 қазанда Қарағандыда дүниеге келген. Отбасындағы жалғыз бала болғанымен, өз құрдастарымен жақсы қарым-қатынаста болған. Бүгінгі таңда біздің кейіпкеріміздің жүздеген досы мен жер шарының түкпір-түкпірінде мыңдаған танысы бар. Барлығы бидлің арқасында. Ол төрт жасқа толғанда ата-анасы ұлттық би үйірмесіне беріпті. Ернияз 15 жыл бойы «Сиқырлы әлем» ансамблінің құрамында болды. Гастрөлдік сапармен күллі әлемді шарлап шыққан. Өзінің Түркияға алғашқы сапары жадынан кетпейді. Ол кезде Ернияз небәрі алты жаста болыпты. Бұған дейін ата-анасынан бір қадам да ұзап көрмеген ол, шекара асып, екі апта бойы ата-анасынан жырақта болған. Жігіттің айтуынша, алғашқы бірнеше ауыр соғыпты. «Дәл сол кезде ата-ананың қадірін түсініп, оларға қоңырау шалудың маңыздылығын ұқтым. Осындай алыс сапарларға бару арқылы мен өз бетіммен және жинақы болуды үйрендім. Қазір бір сағаттың ішінде, сапарға сақадай сай бола аламын», - дейді Ернияз. Айтуынша, ол алғашқы сапары барысында алғашқы қарым-қатынас жасау тәжіриебсін жинапты. Өйткені гастрөл – саған түрлі елден жаңа жүздеген дос сыйлайтын, өзінше бір ғалам. Жалпы қалың бұқара алдында өнер көрсету, толқып, тебіренуді ұстай білуге үйретті. Бұл болашақ басшы үшін маңызды тәжірибе.
2003 жылы мектеп-гимназиясына оқуға түседі. Жетінші сыныпта техникалық лицейге ауысады. Біздің кейіпкердің айтуынша, дәл осы лицейде нақты ғылымдарға аңсары ауыпты. Барлығы, білімді бар ынтасымен үйретіп, бойына сіңірген ұстазының арқасы.
Мектеп қабырғасында жүргенде математика және құқық пәндері бойынша олимпиадаларға қатысып, (облыстықтан 1, республикалықтан 3 орын) жүлделі орындарға ие болған.
Сондай-ақ Ернияз суретке түсірумен кәсіби түрде әуестеніп, гитарада ойнаудан сабақ алған. Баскетболдан мектептің құрамасында ойнаған. Ерікті болып та көрген. Тоғызыншы сыныпта «Жас Отанға» қабылданады. Айтуынша, өте қызықты болыпты. Шара ұйымдастыру жағынан үлкен тәжірибе жинаған. Әсіресе, қарт адамдарға «шұғыл» батырмасы бар ұялы телефон тарату науқаны есінде қалыпты. Біздің кейіпкеріміз, ерікті болып жүрген аралықта достарымен бірге егде адамдардың шаруасына жиі көмектескенін еске алады.
Ернияз Заманбек Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің, Энергетика, Автоматика және Телекоммуникация факультетін тәмамдаған. Оқу барысында «Қазчерметавтоматика» АҚ-да, кәсіби тәжірибеден өтіп, нәтижесінде РЭА монтажшысының 2 разрядын алып шыққан. Сондай-ақ, Cisco Networking Academy, IT Essentials course нәтижелі аяқтайды. Жұмыс барысын жақсы түсіну үшін биыл қаржы бағыты бойынша екігші жоғары оқу орнына түсіпті.
Байланыс