Айдын Сейполла
Айдын Сейполла
«Қазпочта» АҚ
ЖШС СП
Айдын Сейполла 1995 жылдың 4 қазанында, Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына қарасты Бірлік ауылында дүниеге келген. Онда 7 сыныпқа дейін оқиды. 2008 жылы Петропавл қаласындағы қазақ-түрік лицейіне оқуға түседі. Оқу барысында биология пәні бойынша олимпиадаларға қатысып, 5 жылда облыстық олимпиададан (1, 2, 3 орынды) ал, республикалықтан (3 орынды) жеңіп алған. Сонымен қатар, KATEV-тің олимпиадасында да жүлделі орынға ие болған. Таңдау неге биологияға түсті, деген сауалға: «Мен таңдаған жоқпын, 7 сыныпта жаңа мектепке ауысқанымда мұндағы әр оқушы олимпиадаға қатысу қажеттігін білдім. Математика мен физикаға қатыспаққа тапсырыс бердім. Бірақ онда бос орын болған жоқ. Маған биологияны таңдау ұсынылды. Бұл маған қызық болып көрінді. Сөйтіп, бағымды сынап көрмек болдым», - деп жауап қатты. Мектепті тәмамдар тұста Айдын инженер болуды шешіп, Назарбаев Университетіне оқуға түседі. Айтуынша, жоғары оқу орнында ол білім алып қана қоймай, жақын достар да тауыпты. Біздің кейіпкеріміз дәл солармен бірге кабинеттердің бірінде қызығушылықтар тоғысатын клуб құрады. Ол гидравликалық зертханада қалай жасырынғандарын жымиып еске алады. Күніне бірнеше сағаттарын сонда өткізіп тұрыпты. Жастар ғылыми жобалармен айналысуды әдетке айналдырса керек.
Айдын бүгін – түлек. Бірнеше апта бұрын ғана ол еліміздегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірін тәмамдап, химиялық инженерия бойынша бакалавр дәрежесін алды.
Байланыс