Қанат Оспанов
Қанат Оспанов
АҚ
АҚ
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Қанат Оспанов. 1994 жылы 8 мамырда Павлодарда туған. 2001 жылы мектепке барады. 10 сыныпқа дейін онша жақсы оқымаған. Өзі «менің жеке антирекордым бар – 7 сыныптағы тоқсанның бірінде бірден 4 екілікке шықтым», деп қалжыңдап қояды. «9 сыныптан кейін былай жалғастыра беруге болмайтынын түсіндім. Әйтпесе, оқуға түсе алмайтынымды ұқтым. Сөйтіп, оқуға күш сала бастадым. 10 сыныпта сабағымның жартысы төрт, жартысы бес болды», - дейді Қанат. Сол кезде жас жігіт мектепті кілең бестікке бітіру туралы алдына мақсат қояды. Оған жетеді де. Аттестатта барлық пән бойынша «өтежақсы» деген баға қойылады. Тек осы білімін ҰБТ-да дәлелдеу қалады. Нәтижесінде одан 113 балл алады. ЕҰУ-ның ақпараттық технологиялар факультетіне оқуға түседі. Ақпараттық жүйелер мамандығын таңдайды.

Біздің кейіпкердің айтуынша, 10 жасқа дейін ұялшақ бала болыпты. Бәрі жазғы лагерьден кейін өзгеріпті. Мұндай көпшілік ортаға алғаш рет барған Қанат, ешқандай іс-шараға қатыспай, сыртынан бақылап жүрген. Бірақ, сол кезде өзіне белсенді боламын деп мақсат қояды. Сөйтіп, келесі жазда жағдай түбегейлі өзгереді. Өткен жылдан үлкен тәжірибе жинаған ол өз жасағының командирі болады. Ол өзгенің пікіріне құлақ аса бермеу қажеттігін түсінеді. Тек қана ар-ұятпен өмір сүріп, әрекет ету қажеттігін қаперіне іледі.

Балалар лагерінде алған коммуникативтік тәжірибенің университетте де пайдасы тиеді. Қанат ол жақта да белсенді болады. Екінші курста өз факультетінің төрағасы болып, ЖОО мен қала деңгейінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Айтуынша, оқу кезінде ата-анасына масыл болғысы келмепті. Бірақ университеттегі ауыр жүк оған кеңсеге орналасуға мүмкіндік бермепті. Екінші курстан кейін досымен бірге өз беттерінше ақша табуға бел буады. Батут сатып алып, әкімшіліктен барлық тиісті рұқсатын алады да, жеке бизнеспен айналысады. Сөйтіп, жаз өтеді. Үшінші курста да ақша табуды жалғастыруды ұйғарады. Риелтор болады. Екі айдан кейін өздерінің жеке жылжымайтын мүлік агенттігін ашады. «Мен таңертеңнен түске дейін, ал менің досым түстен кешке дейін оқуға барады. Осылайша кеңседе бір-бірімізді алмастырып отырдық. Бізде тіпті жалдамалы адамдар да болды», депеске алады Қанат.

2015 жылы 3 курстан кейін Workand Travel бағдарламасы бойынша АҚШ-та жұмыс істейді. 2016 жылы университетті тәмамдаған соң, Қанат Оспанов басқа да көптеген түлектер секілді, «әрі қарай не істеу керек?», - деген ойға шомады? Өзінің біліктілігін арттыру үшін «Экономика және басқару» мамандығы бойынша магистратураға түседі.

Оқудың сыртында үнемі спортпен шұғылданады. Акробатика, жүзу, бокс және тай боксымен айналысады.
Байланыс