Әділ Жаппарғалиев
 Әділ Жаппарғалиев
ЖШС СП
АО
Әділ Жаппарғалиев 
Әкеге лайықты ұл. Әділ Жаппарғалиевқа бұл теңеу жарасады. Оның «Жас Өркенге» жету жолы бірегей әрі өте қызықты. Балқаштың тумасы. Екі гимназияны ауыстырған. Екеуі де дарынды балаларға арналған білім ошақтары. Біреуі – Павлодарда, екіншісі – Қарағандыда. Кипр аралында өткен халықаралық олимпиадада физика пәні бойынша 1 орынды жеңіп алған. ҰБТ-де 121 ұпайды еншілеген.
Өміріндегі ең жауапты қадам – болашақ мамандығын таңдайтын сәтте әкесінің алдынан өтіп, ақылына жүгінген. Асқар тауы тосырқап қалмапты. «Тау-кен» ісін таңдауға кеңес берген екен. Әкенің ақылы Әділге арқау болып, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетін қызыл дипломмен тәмамдайды. Осы білім ордасының қабырғасында жүргенде Әділ үздік шәкірт ретінде көзге түсіп, бір семестр Остравтағы Техникалық Университетте (Чехия) ілім алып келеді. Мәскеу қаласында өткен «Тау-кен ісі саласының кейстерін шешу бойынша халықаралық чемпионаттың» ақтық сынына қатысқан.
Магистратурада оқып жүрген кезінде айтпақшы, мұны да біздің кейіпкеріміз үздікке бітірген, екі жыл бойы түнде шахтада қарапайым кенші болып жұмыс істеген. Осылайша, Әділ «ең төменгі сатыдан бастау қажет» деген әкесінің екінші өсиетін орындайды. Өйткені әр жұмыстың мехнатын өз басынан өткерген адамнан мықты басшы шығатынын тарих әлдеқашан дәлелдеген.
Әділ – марафоншы. Ол 42 шақырымды жүгіріп өтпекке бел буып, сол мақсатына жеткен жігіт. Енді IRONMAN триатлоны бойынша күрделі жарысқа қатысуға дайындалып жүр.
Әділ Жаппарғалиев «Жас Өркен» бағдарламасы жайлы ғаламтор арқылы құлақтаныпты. Айтуынша, байқауға қызығушылығы артып, талабы туралы тереңірек тануға тырысқан. Әділ барлық тапсырмаларды бағалап шыққан. Ол үшін бұл еш қиындық туғызбапты, керісінше өте қызықты болған. Қазір ол - «ШалқияМырыш ЛТД» АҚ-ның тағылымгері. Яғни, тағы да шахтада. Бірақ бұл жолы ол инженер кейпінде.
Байланыс