Сәулебай Айдана
Сәулебай Айдана
 «Самұрық-Энерго» АҚ
ТОО
ЖШС «Сауда-Көлік компаниясы»
Айдана 1996 жылдың 9 шілдесінде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Бірақ Павлодарда өсіпті. 2006 жылы ата-анасымен бірге Астанаға қоныс аударған. № 38 мектеп-лицейінде қазақ тілінде білім алған. Мектеп қабырғасында жүрген кезінде алдына ҰБТ тапсырмаймын деген мақсат қойған екен. Оған маңызды оқу жылдарын тест жауаптарын жаттаумен өткізу ұнамаған. Сондықтан Айдана оқушылар Сарайына барып, химия бойынша үйірмеге жазылады. Онда «Қайың тамырының қасиеттері туралы» жобамен айналысады. 2014 жылы болашақ мектеп түлегі, Байқоңыр қаласында өткен халықаралық байқауда өз жобасын қорғайды. Нәтижесінде мемлекеттік грантқа ие болып, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Табиғи Ғылымдар Факультетінің Биотехнология мамандығы бойынша оқуға түседі. Жас маманға қолдау көрсетіп, демеп отыратын оның ата-анасы. «Мен үнемі олардың үмітін ақтауға тырысамын», - дейді Айдана.
Байланыс