Нұртас Молдияр
Нұртас Молдияр
 «Самұрық-Энерго» АҚ
АҚ
«КЕGОС» АҚ «Ақтөбелік жүйеаралық электр тораптары»
Нұртас Молдияр 1995 жылдың 14 ақпанында Жамбыл облысына қарасты, Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы ауылында дүниеге келген. Отбасы әкесінің ата-анасымен бірге тұрады. Сондықтан болашақ жасөркендіктің қалыптасуына атасы үлкен ықпал еткен. Баланы жастайынан тәртіпке үйреткен де атасы. «Біз ауылда тұрғанда өзгелер секілді мал ұстадық. Қой сиыр бақтық. Оларды атам күтіп-баптайтын, мен үнемі көмектесетінмін. Атам маған алған затты орнына қайтып қоюға үйретті. Мысалы, сиырға шөп салу үшін айырды алсам, оны сол өзінің орны, есіктің артына қоятынмын. Өйткені оны үйдің басқа мүшелері таппай қалады», - дейді Нұртас. Сонымен қатар біздің кейіпкеріміз, жауапкершілікті атасынан үйренгенін айтады. «Екінші-үшінші сыныпта оқып жүргенде мектептен келгеннен кейін әуелі үй тапсырмасын орындап, содан кейін ғана достарыммен ойнау үшін далаға шығуға дағдыландым. Ойыннан әбден шаршағаннан соң, кейде атама малды жемдеуге көмектесуге шамам келмей қалатын. Сондықтан жұмыс істемес үшін үйге келген бойда ұйқыға кететінмін. Бірақ атам мені оятып, өз міндетімді орындауға мәжбүрлейтін. Жалқаулықтан алшақ ұстайтын. «Әуелі істі тындырып алған соң, не істесең де өз еркің», дейтін. 7 сыныпқа дейін Нұртас ауыл мектебінде оқыған. Математика пәні бойынша, аудандық және облыстық олимпиадаларға қатысып жүреді. Кейін Тараздағы қазақ-түрік лицейіне оқуға түседі. Ондағы ұстаздар зерек баланы физика бойынша олимпиадаларға қатысуға дайындайды. Оқушы мұғалімдерінің үмітін ақтайды. 8 сыныпта ол бірден бірнеше сайысқа қатысып, барлығында жеңіске жетеді. «KATEV» олимпиадасында - 1 орынды, облыстық олимпиадада - 2 орынды жеңіп, республикалық сайыста – грамота алады.
9 сыныпта «Арыстан» мамандандырылған лицейіне түседі. Міне, осы арада бозбалаға «Арыстан» лицейіне түсіп қана қоймай, оны «Алтын белгіге» бітіруге атасы бойына сіңірген темірдей тәртіп септігін тигізеді. Сөйтіп, ол ҰБТ-дан 114 балл жинайды. Бір қызығы, Нұртас 9 сыныпқа дейін орыс тілін білмепті. Мектепте қазақ тілінде оқыса, әскери мектептегі оқу орыс тілінде жүргізіліпті. Оқу үлгерімін төмендетіп алмас үшін бозбала күн сайын таңғы бесте тұрып, оқушылар оянғанша екі сағат бойы Пушкиннің тілін үйренеді. Оның сол бір шаққа алғысы шексіз. Өйткені ол жаңа ілімді меңгеріп қана қойған жоқ, әр минуты жазулы әскери тәртіпке де үйренді. Сол қалыптасқан әдеті бойынша Нұртас қазір де бәрін алдын ала жоспарлайды екен.
2013 жылдың тамызында біздің кейіпкеріміз Назарбаев университетіне (Инженерия мектебі) түседі. Оны 2018 жылдың маусымында «электрлік және электр инженериясы» мамандығы бойынша тәмамдайды.
Байланыс