Абылайхан Әбен
Абылайхан Әбен
«Қазпочта» АҚ
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Абылайхан 1995 жылдың 5 ақпанында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. Бірақ, Шымкент қаласындағы мектепте оқыған. Оның ата-анасы мен іні-қарындастары әлі күнге дейін сонда тұрып жатыр. Оқуда үнемі зерек, үлгерімі жақсы болған. Спортпен де шұғылданғаны бар. Спорт гимнастикасы бойынша III дәрежеге ие. Айтуынша, спорттан алған қасиеттері өмірінде көп септігін тигізіп келеді. «Спорт тәніңді шынықтырып, мақсатшылдыққа және қалай да оған жетуге үйретеді», - дейді Абылайхан. Алғашқы маңызды жеңісіне ол мектеп жасында жетіпті. 2007 жылы абыройы асып тұрған дарынды ұлдарға арналған №1 Қазақ-түрік лицей-интетрнатына түседі. Сөйтіп, онда математикаға машықтанып, олимпиадаларға қатысады. Орта білімді «Алтын белгіле» бітіреді. Алайда, ол өзі қалаған мамандығы бойынша мемлекеттік грантқа қол жеткізе алмайды. Абылайхан оған налыған жоқ. Жағдайды дереу саралап, университеттің ішкі гранттары барын біледі. Бұл болашақ жасөркендіктің алдына қойған келесі мақсатына айналады. Ол Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған, мемлекеттік тіл бойынша «55 грант» байқауының жүлдегері атанады. Сөйтіп, «М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ» АҚ-да оқуын бастайды. 2016 жылы бакалавриатты тәмамдаған соң, оқуын жалғастыруды ойлап, мемлекеттік грант бойынша магистратураға түседі. 2017 жылы академиялық мобильділік бағдарламасының байқау іріктеуінен өтіп, Құқық мамандығы бойынша оқудың бірінші семестрін Италиядағы Болон университетінде өткізеді.

Магистратурада оқып жүріп, мемлекеттік-құқықтық тәртіп кафедрасында ассисент болып жұмыс істейді. Осы аралықта университетте бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатқан. Абылайхан онда ұйымдастырушылар тарапынан еңбек етеді. Жас жігіттің айтуынша, «Жас Өркен» тағылымдамалық бағдарламасы жайлы ол сол кезде алғаш рет естіпті. Міне, студент соған қатысуды алдына мақсат етіп қояды. Бірақ, байқаудың талабы бойынша ол түлек болмағандықтан, бір жыл күтуіне тура келген. Сөйтіп, уақыты келгенде «Жас Өркен 2018» тағылымдамалық бағдарламасының байқауына қатысуға өтінім береді. Созбалаңға салынбай, қаңтардың басында-ақ бағдарламаға тіркеледі.
Байланыс