Жұлдыз Нұрпейісова
Жұлдыз Нұрпейісова
АҚ
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
ТОО
«Жас Өркен – 2017» бағдарламасының қатысушысы - Жұлдыз Нұрпейісова кеншілер және энергетиктер қаласы Екібастұзда дүниеге келген.
Анасы – ұстаз. Ол Жұлдызды жастайынан қоршаған ортаның сұлулығы мен адамдардың бойындағы жақсы қасиеттерін тани білуді үйреткен. Әкесі – тау-кен инженері. Ол болса, қызының бойына математика және нақты ғылымдарға деген құлшынысты бала күнінен сдарыта білген.
Жұлдыздың жұмсақ мінезі мен табандылығы, музыка және жалпы білім беру мектептерінің аттестатын үздік балмен алуға жәрдемін тигізіпті. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ Жұлдыз жауапкершілігімен, еңбекқорлығымен, дербестігімен және бастамашылдығымен көзге түскен.
Қарағанды мемлекеттік университетінің әлемдік экономика факультетіне оқуға түсе отырып, бойжеткен музыкамен және қоғамдық жұмыстармен айналысуын жалғастырған. Жұлдыз өзінің аспапты ансамблімен бірге, кафедраның шығармашылық өміріне ғана араласып қоймай, университетте болып жатқан шаралар мен қайырымдылық кештеріне де жиі қатысып жүрді. Университеттің шығармашылық өмірінің сыртында, Жұлдыз қалалық және республикалық ғылыми жобаларға да ат салысты. Дәл сол жобалар оның өзіне деген сенімін нығайта түсті.
Студент «Жас-Өркен» жобасы жайлы өзінің кураторынан естіп-біліпті. Ол бұрыннан Астанаға көшіп келуді армандайтын. Сол арман жетегімен «Жас-Өркенге» құжат тапсырыпты. Жұлдыздың пікірінше, байқау кезеңдері қызықты әрі танымдық тағылымы мол болған. Ұлттық жобадағы жеңісі Жұлдызға біздің елімізде қол жетпейтін дүниенің жоқ екендігін дәлелдеп берген.
Байланыс