Ерзатхан Абылайхан
 Ерзатхан Абылайхан
АО НАК
АҚ
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
ЖШС
Пусть порой мне не покорно
Влечение внутренних тревог.
Но помню я, и знаю точно -
Со мной мечта и рядом Бог.
Душа моя на дно не ляжет,
Не будет гнездышком червей.
Горя огнем больших желаний,
Истоком станет всех идей.
Бұл жыр шумақтары «Жас Өркен – 2017» бағдарламасының қатысушысы – Ерзатхан Абылайханның жан тебіренісінен туған. Ол «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясында тағылымдамадан өтіп жүр. Жас жігіт бала күнінен көздеген мақсатына жетіп, өзінің мүддесін қорғауға машықтанған. Ерзатхан 1996 жылы Алматыдан 20 шықырым қашықтықта орналасқан Талғар қаласында дүниеге келген. Мектепке 5 жасынан барып, оны 16-ға толмай тұрып тәмамдаған. Ол кезде Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге жеке куәлік арқылы өткізетін. Біздің кейіпкерімізде мұндай құжат атымен жоқ еді. Сондықтан ол туу туралы куәлігін көрсетіпті. Бұл әрекет тестілеуді ұйымдастырушылар мен күзетшілерді таң қалдырса керек. Өйткені Ерзатханның жасы кіші болатын. Және ол осындай кішкентай бола тұра, қалайша мектепті тәмамдап жатқанын үнемі дәлелдеуге тура келетін. Ұлының бойына осындай ілімді дарыту үшін әскесі, 6-сыныпта оны күрес секциясына беріпті. Ерзатхан жаратылысынан бірбеткей. Бірақ ол қарым-қатынас кезінде адамдардың намысына тимеуге тырысады. Біреуге міндетсінбейді және қытымыр адамдарды суханы сүймейді. Біздің кейіпкеріміз ән салғанды ұнатады. Мектеп қабырғасында жүргенде ән айтумен айналысып, түрлі сайыстарға қатысқан. Жүлдеден де құралақан емес. Бүгінде ән айту оның хоббиі. Сонымен бірге, қоян қолтық күрес, әдебиет пен өнер өмірінің бөлінбес бір бөлшегіне айналған. «Жас Өркен» тағылымдамалық бағдарламасы хақында Ерзатхан ғаламтордағы жарнамадан біліпті. Өтінімді сәл кештеу бергендіктен, екінші кезеңге әзер үлгерген екен. Өйткені ол кезде Будапешт қаласындағы Орталық Еуропалық университетінің магистратурасын енді тәмамдап жатқан. Астанаға екінші кезеңнің соңғы күнінде табан тірепті. Айтуынша, оның жолы болған. Артынан үшінші және төртінші турларды сәтті тапсырыпты. Нәтиже жаман емес. Қазір еліміздегі ең мықты тағылымдамалық бағдарламаның белді қатысушысы.
Байланыс