Нәзия Сүлейменова
 Нәзия Сүлейменова
АО НАК
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
«Самұрық-Қазына» АҚ
«Жас Өркен – 2017» бағдарламасының қатысушысы - Нәзия Сүлейменова бала күнінен сандарды сүйетін және заңдылықты іздейтін. Бойжеткеннің пікірінше, математикалық заңдылықтарды меңгеру әр адамның өмірін жақсы жаққа өзгертіп, оны жеңілдетіп және болуы мүмкін мәселелердің алдын алуға септігін тигізеді.
- Біз қаншалықты жиі қателесетініміз жайлы ойланып, іс-әрекетімізді салмақтап, өзімізге есеп бермейміз.
. Оның алдында өте жауапты іс - Big Data-ны өңдеу міндеті тұр.
- Біз көп жылдан бері «үлкен мәліметтердің» біздің күнделікті өмір сүру қалпымызды түзіп, іс-әрекетімізге әсер ететініне мән бермейміз. Адам - Big Data-ның басты қозғаушысы әрі тұтынушысы. Күн сайын біз қаншама жаңа ақпарат құрамыз, бұдан бұрын да ондаған жылдар бойы осы істі атқарып келдік. Мен қазір KEGOC-та өте күрделі жобамен айналысып жатырмын. Әзірге терминдерді толыққанды біле бермеймін, сондықтан маған заңдылықты іздеу өте қиынға соғуда. Бірақ мен және менің табандылығым сүрлеудің алдында ғана тұрмыз! Нәзия өз өмірінің заңдылықтың жібі екеніне сенімді. Әкесі – физика-математика ғылымдарының кандидаты. Сондықтан болар, әкенің сан мен тәртіпке деген қасиеті қызының бойына дарыпты. Мектепте де, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде де бойжеткен тек қана жоғары балл жинады. Магистратураны тәмамдай салысымен жұмыс жайлы ойлап, «Самрұқ-Қазынаның» мансап Орталығына бас сұғады. Сол арада «Жас Өркен» бағдарламасы жайлы кең мағлұмат алса керек.
- Мен құжат тапсырдым. Бірақ, мұндай үлкен курстан түгел сүрінбей өтетініме сенімді болған жоқпын. Шынымды айтсам, барлығына аса сенімсіздікпен қарадым. Назарбаев Университетінің озаттарын немесе шетелде білім алып келген студенттерді қабылдайды деген ой болды. Бірақ менің айым оңымнан туды. Енді қазір біздің өнеркәсібіміздің болашағы ғана емес, әрбір адамның келешегіне қатысты үлкен жобаның бастауында тұрмын!
Байланыс