Жәнібек Жолдас
Жәнібек Жолдас
АҚ
АО НАК
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
 «Самұрық-Энерго» АҚ
Жәнібек Жолдас «Жас Өркен – 2017» тағылымгері. Оның бағдарламаға қатысу жолы – әртүрлі кезеңдерде қабылданған шешімдердің тоғысы іспеттес. Жас жігіттің кейбір шешімдерінің бұрындары жасаған таңдауына қарама қайшы келген кездері болған. Біздің бұл кейіпкеріміз Шымкент қаласында туып-өскен. Сол шаһарда мектеп-гимназиясын тәмамдаған. Мектеп қабырғасында жүргенде Жәнібек өзінің басқа да құрдастары секілді десант жауынгері болуды армандайтын. Тіпті, соған арнайы дайындалып, тыңғылықты түрде спортпен де шұғылданған. Сегізінші сыныпта оқып жүргенде бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанған. Ал, өзі оқыған гимназияда ол салауатты өмір салтының министрі болды. Бертін келе, біздің кейіпкеріміз өзінің болашақ арманына сәл өзгеріс енгізіп, әскери емес күштік құрылымының қызметкері болуға бел буады. Оныншы сыныпта прокурор болу туралы байламға келіп, «Құқықтану» мамандығын таңдаған. Сөйтіп, Сүлеймен Демирел атындағы университетке оқуға түседі. Студенттік өмірінде талай шыңдарды бағындырды. Жоғарғы оқу орнының базасында құрылған «Academic» ғылыми клубының негізін қалаушы әрі президенті, «Құқықтану» кафедрасы меңгерушісінің ассистенті болды. Өндірістік тәжірибесін Алматы қаласының прокуратура органдарында өткізді. Сол сәттерден бастап, өзінің мақсатына біртабан жақындағанын түсінді. «Жас Өркенге» келгенге дейін Бас Прокурордың «Прокурордың 100 кеңесі» жобасына қатысқанын басты жетістігі санайтын. Сол кезде ешқандай таныс-тамырсыз көп дүниеге қол жеткізуге болатынына кәміл сенді. Осы кезеңде Жәнібек өзінің деңгейін бір сатыға көтеріп алды. Алайда, жас жігіт түптің-түбінде «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеу мақсатын көздеді.
Жәнібек Жолдас «Жас Өркен» тағылымдамалық бағдарламасы жайлы университеттің мансап орталығы арқылы білген. Жас жігіттің айтуынша, конкурстың барлық 4 кезеңі ол үшін қиынға соқпапты.
Жәнібек Жолдас ұлттық сәйкестікке аяқ басқанын айтады. Ол енді мемлекеттік тіл мен рухани құндылықтарды дамытуға атсалыспақ. Өз елінің патриоты ретінде Қазақстанның өз даму жолы бар екеніне сенімді.
Байланыс