Бекмырза Құлжанов
Бекмырза Құлжанов
АҚ
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
«Самұрық-Қазына» АҚ
АО
Бекмырза Құлжанов - «Жас Өркен 2017» бағдарламасының қатысушысы. «Эйр Астана» АҚ-ның әуе кемелерін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету департаменті – қаржы инжинирингі бөлімінде тағылымдамадан өтіп жүр. Бекмырза қажетті көшбасшылық қасиеттердің барлығын спорттан алғанына сенімді. Жас жігіт мектеп қабырғасында жүргенде 8 жыл бойы каратэ-домен айналысып, қара белбеудің бірінші данына дейін жеткен. ҚР спорт шеберіне кандитат. Олимпиада ойындарына қатысуды армандайтын. 15 жасында Н.Ә.Назарбаев атындағы қор жанындағы «Арыстан» мамандандырылған әскери лицейіне оқуға түскен. Взвод командирі және спорт комитетінің мүшесі болған. Сол жылдары Бекмырза Құлжанов экономикалық қауіпсіздік саласының кәсіби маманы болғысы келетінін түсінеді. Сондықтан КИМЭП-тің «корпоративтік қаржылар» факультетіне оқуға түскен.
Ұстамдылық, мақсатшылдық, жігерлілік және өр мінезділік. Бала күннен бері спортпен шұғылдану арқылы бойына сіңірген осы қасиеттері Бекмырзаға университет қабырғасында көп жәрдем берген. Студент үкіметінде инновация бойынша Вице-Президент болған. Университеттің үлкен және шағын бюджетін үлестіру комитетінде еңбек еткен. Kimep pie, kasd, kada, case club, Student Government сияқты ұйымдардың белсендісі болған.
Бекмырза Құлжанов «Жас Өркен» тағылымдамалық бағдарламасы туралы өзі білім алып жүрген университеттегі дәрістердің бірінде біліпті. Ол кезде КИМЭП-те «Самұрық-Қазына» Корпоративті Университеті» ЖМ директоры Гүлмира Раисова көшбасшылық туралы лекция оқыған. Осы сәтті пайдаланып, ол студенттерге «Жас Өркен» туралы айтып беріпті. Бекмырзаның айтуынша, тағылымдамадан өтуге арналған байқау өте қызықты болып көрінген. Сөйтіп, әр кезең сайын біздің кейіпкеріміздің қызығушылығы арта түскен. Ал, төртінші кезеңде ол жеңіске жететініне сенімді болыпты.
Байланыс