Мирас Аусат
АО НАК
«Қазпочта» АҚ
ЖШС
Мирас Аусат 2017 жылы Назарбаев Университетін «Химиялық инженерия» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Жас Өркен» тағылымдамалық бағдарламасының қатысушысы. Мирас, өнеркәсіп кәсіпорындары арқылы танымал шағын ғана - Степногорск қаласында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында-ақ жас дарын нақты ғылымдарға бейімділігін танытқан. Жоғары сыныпта оқып жүргенінде химияны тереңдетіп оқиды. Мирас Алматыдағы Жаутықов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатын тәмамдаған. Республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысқан. Университетте оқып жүргенде түрлі форумдарда және конференцияларда ерікті болып жұмыс істеген. Сонымен қатар Назарбаев Университетінің Студенттік Үкіметінде жұмыс тәжірибесі бар.

Мирас Аусат «Жас Өркен» тағылымдамалық бағдарламасы жайлы Назарбаев Университетінің мансап және кәсіби бағыттау Орталығы қызметкерлерінен естіген. Бірақ ол кезде бұл ақпаратқа аса мән бермеген. Алайда, «Бірлескен Химия Компаниясы» ЖШС, «Самрұқ-Қазына» АҚ қоржындық компаниясынан студенттік тәжірибеден өту кезінде бұл бағдарламаны анағұрлым терең қызықтап, байқауда бағын сынап көруге бел буады. Мирастың айтуынша, барлық іріктеу кезіндегі тапсырмалар оған өте қызық, ал байқауды ұйымдастыру өте жоғары деңгейде өткен.
Байланыс