Жарқын Сәрсенғалиев
Жарқын Сәрсенғалиев
АҚ
АО НАК
АО
«Сегіз қырлы, бір сырлы». Бұл құдды бір Жарқын Сәрсенғалиевке қаратып айтылған сөз секілді. Ол тағылымдамалық бағдарламаға екінші рет қатысып отыр. Соңғысы - «Жас Өркен». 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында жас жігіт «Start Smart» бағдарламасы бойынша, Bank Home Credit стипендиаты болған. Бизнес ақпарат басқармасының Қаржылық блогында маман болып еңбектенген.
Жарқынның 22 жасында жеткен жетістігі мұнымен шектелмейді. Ол Жетісу өңірінің тумасы. Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген. Қарағанды қаласындағы дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі.
Оқу барысында бірнеше мәрте математика және физика бойынша облыстық олимпиадаларға қатысқан. Құралақан емес. Жүлделі орындарды иеленген. Нақты ғылымдарға әуестігі жас жігітті жан-жақты етеді. Музыка мектебінің домбыра сыныбын бітірген. «Абай» және «Махамбет» оқуларының жүлдегері. Мектепті бітірген соң Жарқын Алматыдағы Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетіне оқуға түседі. 2017 жылы осы жоғарғы оқу орнын «Есептеуші техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмамдайды. Университетте студенттік өмірді белсенді өткізген. Ішкі істер министрі болған.
Жарқын Сәрсенғалиевтің талантының тағы бір қыры – спорт. Ол университеттің 2016 жылғы футбол лигасының үздік шабуылшысы. Қарағанды қаласының жасөспірімдер арасындағы каратэден облыстық ойындардың жүлдегері атағы тағы бар.
Біздің кейіпкеріміз Facebook-ке қос бәсеке тудыратын, өзінің әлемдік әлеуметтік желісін құруды армандайды.
Жарқын өзін болашақта кәсіби ісінде жобалардың жетекшісі ретінде елестетеді.
- Бұл өте күрделі кәсіп. Бірақ көздеген мақсатқа жету үшін мен талмай еңбектенемін. Біліктілігімді арттырып, жаңа бағыттарда даму үшін үнемі тың ілімдерді игеремін. Мен қазіргі заманның бір орында тұрмайтынын жақсы түсінемін. Сондықтан еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін жетілу қажеттігін қаперімде ұстаймын.
Байланыс