Ағила Қарақаева
Ағила Қарақаева
АҚ
АҚ
АҚ

«Жас Өркен 2017» бағдарламасының қатысушысы. Бойжеткен 7 сыныпта оқып жүрген кезінде, «болашақта Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрайымы боламын» деп алдына мақсат қойған. Сондықтан орта мектепте география пәні бойынша олимпиадаларға білсенді түрде қатысып жүрді. Жыл сайын облыстық және қалалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болатын. Бұл экономика факультетіне түсетіндер үшін ҰБТ-де басымдық берілетін бейінді пән. 2012 жылы Павлодар қаласындағы № 9 мектеп-гимназиясын Алтын белгіге бітіреді. Сол жылы ҚБТУ-не грантпен оқуға түскен. Халықаралық Экономика мектебінде білім алған. Жоғарғы оқу орнына түскеннен кейін Ағила Қарақаева өзінің кәсіби мақсатын өзгертеді. Қысқасы, алдына одан да биік мақсат қояды. «Форбс» журналының нұсқасы бойынша ең ықпалды қазақ қызы болғысы келеді. Қазір осы мақсат жолында еңбектеніп жүр.

2016 жылы ҚБТУ мен University of London (second-upper degree) «Менеджмент» мамандығы бойынша екі дипломның иегері атанды. 2014 жылы біздің кейіпкеріміздің командасы Алматының кубогы сарапқа салынған Сhangellenge Case Competition сайысында жеңімпаз атанды. Осының арқасында бойжеткен Мадридтегі Еуропаның ең үздік бизнес мектептерінің бірі – IE Business School магистратурасында оқуға мүмкіндік беретін 30 пайыздық шәкіртақыға қол жеткізді. Онда «Халықаралық бизнес» мамандығының қыр-сырын меңгерді. Атамекенге қайта оралған соң, Ағила Қарақаева «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеуді мақсат тұтты. Осы ұлттық компанияға қалай жұмысқа орналасуға болатыны жайлы ғаламтордан ақпарат іздеу барысында, «Жас Өркен» бағдарламасы жайлы мәліметке тап болады. Сөйтіп, алғашқы кезеңнің аяқталар түнінде байқауға өтінім беріп, нәтижесінде байқаудан сәтті өтеді.

Байланыс