Гаухар Макратова
Гаухар Макратова

HR-консалтинг орталығының менеджері

HR-консалтинг орталығының менеджері, HR-жобаларды жасаумен және жүзеге асырумен: бағалау шараларын жүргізумен, кадрлық резервті құру және дайындау технологиясын жасаумен, сабақтастық жоспарын құрумен, персоналдың қызметін бағалаумен, лауазымды сипаттаумен және бағалаумен айналысады.

Барлық деңгейдегі персоналдарға (соның ішінде компания топ-менеджерлеріне) арналған құзыреттіліктер мен ассесмент-орталықтар бойынша құрамдастырылған сұхбат өткізудің, лауазымды сипаттаудың және бағалаудың (Hay Group әдісі бойынша тегістеу), жеке даму жоспарларын жасаудың, бағалау нәтижелері бойынша кері байланыс жүргізудің негізгі дағдыларын меңгерген.

Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің «Юриспруденция» мамандығын, ИнЕУ-дің «Менеджмент» мамандығын бітірген.

Психометриканы құралдандыру бойынша (SHL, Ontarget, Saville, TalentQ) Бағалау орталықтарын жүргізу (SHL, Formatta) бойынша, лауазымдарды сипаттау және бағалау (Hay Group), құзыреттіліктер бойынша сұхбат өткізу сертификаттары бар.

Байланыс